Бас прокуратурада әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Бас прокуратурада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бас Прокурор қазақстандық арулар тек ошақ иесі ғана емес, сонымен қатар кез келген саладағы жоғары санатты кәсіпқой қызметкерлер екенін атап өтті.
Мерекеге орай 232 әйел прокурорлар ведомстволық наградалармен және сыныптық шендермен марапатталды.
Бас Прокурор ардагерлердің еңбегін, олардың ішінде прокуратураның мақтанышы – Қазақстанның бірінші генералы Сәуле Айтпаева, көп жылдар бойы Республикалық ардагерлер кеңесін басқарған Гүлжан Қаракұлова және прокуратура жүйесінің қалыптасуына үлес қосқан басқа да көптеген нәзік жанды тұлғаларды ерекше атап өтті.
Сөз соңында қадағалау органының басшысы өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеген, Отанына қызмет ету жолында күн сайын борышын атқаратын әріптестерінің ата-аналарына алғыс білдіріп, отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.
Ресми бөлімнен кейін ерлер қауымы мерекелік концерт ұйымдастырды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі