Бас Прокурор Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Бас Прокурор Берік Асылов Грузияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Николоз Лалиашвилимен кездесті.
Кездесу барысында Берік Асылов қазақстандық қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ елімізде және прокуратура органдарында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты.
Сондай-ақ Грузияның құқық қорғау органдарымен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және адамдарды ұстап беру мәселелері талқыланды.
Елші мырза Бас Прокурорға Грузия тарапының құқықтық саладағы екіжақты қатынастарды нығайтуға мүдделі екені туралы хабарлады.
Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалог үшін ашықтығын атап өтті.
Тараптар екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға ортақ ұмтылысын білдірді. Халықаралық-құқықтық көмек мәселелерінде өзара көмек көрсету туралы уағдаласты.
Берік Асылов Елші мырзаға сапары үшін алғыс айтып, атқарылып жатқан жұмыстарына табыс тіледі.