Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Қазақстанда 6,4 млн тонна астық бастырылды

2-09-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі таңда 4,2 млн га дәнді дақылдар жиналды. Орташа өнімділік өнімділік 15,3 ц / га болғанда 6,4 млн тонна астық бастырылды.

Мәселен, бидай 3 млн гектарға жуық алқапта жиналды, өнімділігі 15,0 ц / га 4,5 млн тонна, арпа – 926,7 мың га, өнімділігі 16,5 ц / га бастырылды 1,5 млн тонна, сұлы-36,1 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га 57 мың тонна.

Картоп 25 мың гектар алқаптан 268,3 ц/га өнімділікпен 669,8 мың тонна жиналды, көкөніс дақылдары 62,2 мың гектардан 247,7 ц/га өнімділікпен 1,5 миллион тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 88,9 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 257,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив