Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Астана – Алматы бағыты бойынша безендірілген мерекелік Тальго пойызы жүре бастады

7-03-2023, 17:16 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін елордалық вокзал перронынан Астана – Алматы бағыты бойынша көктемгі жаңару мейрамы  - Наурызға арналған №3/4 Тальго тақырыптық жолаушылар пойызы алғашқы рейске аттанды. Құрам вагондары этностильде безендірілген. Іс-шараның басты мақсаты – пойыз сапарларын жайлы, қызықты және танымдық ету. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов пен «Экспресс» филиалының басшылары алғашқы жолаушыларға «Сәтті сапар» тіледі.

Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді. Тальго этнопойызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы. Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның алғашқы тақырыптық пойызы емес. Жаңа жылдық мерекелердің алдында Астана-Бурабай курорты бағытында жүретін құрам безендірілген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив