Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Қазақстандық креаторлар авторлық құқық және зияткерлік меншік негіздерін үйренеді

4-09-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандық бес кәсіпкер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) оқу грантын жеңіп алды. Бағдарлама зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғау бойынша креативті саланың өкілдерін қолдауға арналған.

Грант ұтып алғандардың арасында көркем галереяның иесі, ұлттық киім тігу мектебінің негізін қалаушы, әйелдерге арналған IT жобалардың авторы және т. б. бар.

Аталған оқу бағдарламасы барысында кәсіпкерлер өз шығармашылығын қорғау, сондай-ақ бизнесті ілгерілету үшін ресурстар мен құралдарды пайдалануды үйренеді.  Креаторлар патенттеу, авторлық құқық, сауда белгілері және брендті басқару, коммерциялық құпия және лицензиялау сияқты негізгі ЗМ аспектілерімен таныса алады. Курстың бағдарламасында семинарлар, вебинарлар, сарапшылармен консультациялар, сондай-ақ практикалық кейстер бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив