5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдер күні көпэтносты еліміз үшін ерекше маңызға ие. Бұл мереке еліміздегі мәдениеттер мен тілдердің бірлігі мен алуан түрлілігінің символына айналды.
Тілдер күнін мерекелеу шеңберінде мемлекеттік тілді елімізде этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде танымал ету, сондай-ақ барлық этностардың мәдени және тілдік ерекшеліктеріне төзімділік пен құрметті арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктердің, ҚХА мүшелерінің және белсенді азаматтардың қатысуымен
«Тіл – халық қазынасы» челленджі өтуде. Челлендж қатысушылары мемлекеттік және өз ана тілінде өлеңдер, дәйексөздер, мақал-мәтелдер оқып, тіл үйренудегі өз тәжірибелерімен бөліседі.
Тілдер мерекесіне және қазақтың қоғам қайраткері
Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына орай этнос өкілдері арасында жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды.
Алматы қаласында республикалық Достық үйінде Махмұд Қашқаридің «Дивани лұғат ат-Түрік» түркі тілдерінің алғашқы энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығына арналған республикалық дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, Қарағанды облысындағы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы, Павлодар қаласындағы «Қазақша ән саламыз» фестивалі және өңірлердегі этномәдени ұйымдардың ұйымдастыруымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтуде.
Жалпы мереке аясында республика бойынша 1000-нан аса адамды қамтыған 30-дан аса іс-шара өткізілді.