Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Абай облысының өнерпаздары елорда төрінде өз өнерлерін паш етті

8-09-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында «Көшпенділер әлемі» этноауылында Абай облысының «Думанды дала» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Концертте Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншілері өнер көрсетті. 

Өнерпаздар қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп, өздерінің шеберліктерін жоғары деңгейде таныта білді. 

Әншілердің әуезді әндері мен театр әртістерінің көркем қойылымдары көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды.

Шараға Астана қаласының тұрғындары, шетелден арнайы келген қонақтар, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов қатысты. 

Келушілер қазақ халқының бай мәдениетінен нәр алып, өнерпаздардың өнеріне жоғары баға берді.

Бұл шара Абай облысының мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді. 

Сонымен қатар, көшпенділердің рухани мұрасын жаңғыртуға және оны жас ұрпаққа жеткізуге ықпал етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив