Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

9-09-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. 

ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскені байқалды. 

Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар – көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және «сұр экспорт».

Бұдан бөлек, соңғы уақытта шекарада сұранысқа ие мұнай өнімдерінің «бүркеншік тауарлар» ретінде экспортталғаны тіркелген.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылауды күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімін жаңартуды және отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив