Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилиді қабылдады

9-09-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны үшін UNWTO делегациясына және Зураб Пололикашвилиге ризашылығын білдірді.

Президент бұл ауқымды іс-шара халықтар арасындағы достықты нығайтуға, Қазақстанның имиджін ілгерілетуге, еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге септігін тигізетінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйыммен тығыз ынтымақтастыққа бейілді және туризм саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Бас хатшы Зураб Пололикашвили қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар туризмді және жалпы ел экономикасын дамытуға жол ашады.

Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымымен серіктестік аясын кеңейту перспективасы талқыланды. Еліміздің туристік әлеуетін және халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал ететін нақты жұмыстарға баса назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив