Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді — Светлана Жақыпова

11-09-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының кәсіби кадрларды даярлау бөлігіндегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндама жасады.

Оның айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді (2050 жылға дейін) еңбек ресурстарын болжау жүйесін қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. Талдау көрсеткендей, соңғы 10 жылда кәсіптік техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 49%-на жетіп, 17 пайыздық тармаққа ұлғайған.

«Слайдтан көріп отырғандарыңыздай, экономика салалары бойынша кәсіптік-техникалық білімі бар жұмысшылардың ең көп саны сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларында басым болып, жалпы саны 2,5 миллион адамға жетті», — деп мәлімдеді министр отырыс барысында. 

Алайда, еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге деген сұраныс өзектілігін сақтап отыр. Министр ұсынған слайдта техникалық білімі бар қызметкерлерге күтіліп отырған сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары (70%-ға) екені көрсетілген. 

Бұл ретте, 2030 жылға дейін кадрларға жалпы қажеттілік 1,8 млн адамнан асып, оның ішінде техникалық білімі бар азаматтарға сұраныс 1 млн-ға жуықтайтыны болжануда. Кәсіби кадрларды даярлау жұмыстарын жүйелеу мақсатында ұлттық біліктілік жүйесін дамыту үстіндеміз, — деп атап өтті спикер.

Ол үшін қазіргі уақытта:

- жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін 823 кәсіби стандарттарды әзірлеу;

- кәсіби стандарттар негізінде 3,8 мың білім беру бағдарламасын жаңарту;

- туризм және ақпараттық технологиялар (IT) сияқты басым салаларда біліктілікті танудың 25 орталығын ашу;

- техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 330 мамандық және 771 біліктілік талаптарын білім беру және еңбек нарығының классификаторларына интеграциялау үшін қажетті шаралар қабылдануда.

«Сондай-ақ слайдтан көріп отырғандарыңыздай халықаралық стандарттарға сәйкестендіре отырып Ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамыту жұмыстары жүргізілуде», — деді С. Жақыпова.

Бүгінгі таңда Министрлік жұмыспен қамтуды, оның ішінде жұмысшы кәсіптерге ынталандыру шараларын қабылдауда.

Бұл ретте, Ұлттық жобалар, тұжырымдамалар мен даму жоспарлары шеңберінде іске асырылатын барлық жобалар бойынша жұмыс орындарын құруға сапалы мониторинг жүргізу, кадрларға қажеттілікті талдау және болжау үшін Цифрлық платформа әзірленді. Осы цифрлық платформаның функционалын кеңейту мақсатында Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерін Қаржы министрлігінің және басқа да орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.

Сондай-ақ жоспарланған жұмыс орындарының көрсеткіштерін және жоба сомасының кемінде 30%-ын еңбекақы төлеу қорына бағыттау міндеттемелері көзделген нормаларын тиісті құқықтық актілерге енгізу шаралары қабылдануда.

«Электрондық еңбек биржасы базасында студенттердің өндірістік тәжірибеден өту функционалы іске асырылды. Бұл жоба пилоттық режимде 29 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізілуде, нәтижесінде 635 студент өндірістік тәжірибеден өту үшін онлайн форматта жұмыс берушілерді табу мүмкіндігіне ие болды. Кәсіби мансапты таңдау және мансаптық траекторияны басқару құралы болып табылатын жаңа Mansap Compasy платформасы да іске қосылғандығын жеткізгім келеді», — деп атап өтті спикер.

Светлана Жақыпова мәлімдегендей, Skills.Enbek платформасында – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарына микроквалификацияларды тану және WorldSkills алаңдарын дамыту үшін курстарды орналастыру мүмкіндігі беріліп отыр.

«Бүгінгі таңда бұл платформада 603 онлайн курс орналастырылған, оның 271-і халық үшін тегін көрсетілуде. Сонымен қатар жергілікті жұмыспен қамту органдары біліктілігін арттыруға мұқтаж жұмыссыз азаматтар үшін оқытуды жұмыс берушінің жұмыс орнында жүргізуді қолға алып отыр. Бүгінгі таңда 7 мыңға жуық жұмыссыз азамат тиісті курстардан өтіп, оның 98%-ы алған дағдылары бойынша жұмысқа қабылданды», — деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында азаматтарды жұмысшы кәсіптері бойынша жұмысқа орналастыруды ынталандыру мақсатында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар әзірлеу жоспарлануда.

«Жоғарыда көрсетілген шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін 948 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау шараларын толық көлемде жүргізетін болады», — деп түйіндеді баяндамасын С. Жақыпова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив