Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

11-09-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті.

Өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, қонақтар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша салынған «Жошы хан»  тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды. 

Анықтама: Қазақстан өңірлерінің РФ Новгород облысымен тауар айналымы 2024 жылдың 6 айында $19,2 млнды құрады.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив