Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген көшпелі баспасөз конференциясы барысында Абай облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Жерегя күзгі шақыру осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасатынын атап өтті.
Сондай-ақ, отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға ҰБТ тестілеуінен өтпей оқуға түсу жеңілдіктері қарастырылған. Бүгінде Қорғаныс министрлігі және жоғары оқу орындары арасында меморандумдар жасалды. Мерзімді қызметтен өткен барлық азаматтар университетке ҰБТ-ны тапсырмай грантқа да, ақылы негізде де түсуге құқылы, - деп толықтырды басшы орынбасары.
Сонымен қатар, Абай облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Қанат Шарипханов сарбаздар үшін кредиттік демалыс қарастырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта мерзімдік кредиттердің жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайды.
Мерзімді қызметтегі сарбаз Алексей Кохов БАҚ өкілдеріне әскердегі күнделікті атқарылатын жұмыстары мен жасалған жағдайы жайлы ақпараттар мен бөлісіп.
Сондай-ақ, республика бойынша сарбаздардың аналар комитеті жұмыс істейді. Бұл қоғамдық бірлестік сарбаздардың ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Комитет мүшелері кез-келген әскери бөлімге хабарласуға мүмкіндіктері бар және ескертусіз бөлімге келуге құқылы.