Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәжілісте Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынасын нығайту мәселелері талқыланды

Фото Ж.Жұмабеков

11-09-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Палата вице-спикері Альберт Рау бастаған Мәжіліс депутаттары Қазақстанға сапармен келген Мажарстан Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесті.

Қонақтарды қарсы алған Альберт Рау венгр тарапын Еуропалық Одаққа төрағалық етуімен құттықтады. Ол Қазақстанның Мажарстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін және елдеріміз арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.

– Біз парламенттік қарым-қатынасқа екіжақты саяси диалогтың маңызды бағыттарының бірі ретінде қараймыз. Парламенттеріміз арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігіне оптимистік көзқарастамыз. Бұл құжат біздің заң шығарушы органдарымыз арасындағы дәстүрлі берік байланысты одан әрі нығайтуға маңызды қадам болып, оларды жаңа, жоғары деңгейге көтеретініне сенімдіміз, – деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Өз кезегінде Шандор Лежак Қазақстанды бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуімен құттықтап, ашылу салтанатына ерекше баға берді. Ол осы атмосферадан екі халық арасындағы туысқандық рухты сезінгенін атап өтті. Осы орайда ол Венгрияда Абай шығармашылығының танымалдығы артып келе жатқанын, қазақ мәдениеті мен тілін насихаттайтын Лакителек институтында оның бюсті қойылғанын айтты.

Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық, білім беру, ғылыми және басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив