Семейде жергілікті әскери басқару органдарының құрылу күнін атап өтті
Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік шараға «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, ардагерлер мен мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысты.
Салтанатты жиын барысында жергілікті әскери басқару органдарында қызметін атқарып жүрген мамандарға жылы тілектер мен лебіздер білініп, құрылу тарихы және қазыргі уақытта, шақыру науқанында атқарылып жатқан ерең еңбектері де ескерілді.
Үздік мамандар мадақтау қағазымен және әскери қызметшілерге кезекті әскери шендері табысталды. Мерекелік шара Ұлттық патриоттық орталығының Семей қалалық филиалы көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Еске сала кетейік, 1991 жылдың 12 қыркүйегінде күшіне енген ҚазКСР әскери комиссариатына республикалық орган мәртебесін беру және оған облыстық әскери комиссариаттардың бағынуы туралы жарлығының негізінде құрылған.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі