Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.19 538.45 5.18

Қазақстан «Ереван диалогына» қатысуда

12-09-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Армения астанасында алғаш рет өткен «Yerevan Dialogue 2024» халықаралық форумына қатысты. Аталған форум өзекті халықаралық мәселелерді талқылау үшін, бірінші кезекте, жаһандық үдерістер аясында Оңтүстік Кавказ өңірінің даму перспективаларына байланысты саясаткерлер мен сарапшыларды тартатын тұрақты жұмыс істейтін тұғырнама болуға ниетті.

«Байланыстылық геосаясаты: бәсекелестіктен ынтымақтастыққа» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде Ә. Қуантыров теңізге шыға алмайтын елдердің байланыстылығын тиімді қамтамасыз ету үшін бірлесіп әрекет етуі тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте ынтымақтастықты дамыту бір-бірімен шекаралас мемлекеттер арасында ғана емес, сондай-ақ географиялық жағынан бір-бірінен алыс әріптестер арасында да талап етіледі, мысалы, Орталық Азия елдері мен Армения жағдайындағыдай. Осы орайда қазақстандық спикер Қытай мен Еуроодақты сауда тізбегімен байланыстыра отырып, Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасы мен «Global Gateway» еуропалық бағдарламасымен бір мезгілде қолдау көрсетілетін Транскаспий көлік бағдарына назар аударды.

Ә. Қуантыров ТХКБ сәйкес көрсеткіштерін келтіріп, ол бойынша жүк тасымалдау көлемі 1,6 есеге өскеніне және 2024 жылдың жеті айында бағыт бойынша 2,6 млн тонна жүк тасымалданғанына, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 1 млн тоннаға немесе 63% артық екеніне тоқталып кетті. 2023 жылы осы көлік дәлізімен 2,8 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн тоннадан астам немесе 65% артық.

Сонымен қатар ол Қазақстанның «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамытуға да қатысатынын еске салды.

ҚР Сыртқы істер министрі орынбасарының пікірінше Армения өзінің «Бейбітшілік қиылысы» бастамасы негізінде Транскаспий бағдарына қосылып, одан инфрақұрылым, инвестиция, сауда және т.б. салаларда кең ауқымды пайда алар еді. Ол атап өткендей, бұл үшін, сөзсіз, бүгінгі таңда орын алып отырған мәселелерді шешу, соның ішінде барлық коммуникациялар мен бағыттарды ашу және берік бейбітшілік орнату туралы өзара уағдаластықтар қажет.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Қазақстан мен Армения арасындағы байланыс және логистика саласындағы іскерлік байланыстардың оң динамикасын атап өтті. Арменияның өкілетті бизнес-миссиясының жақында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына және қытайлық тауарлардың Еуропаға қақпасы болып табылатын «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына барғанына аса көңіл аударды. Армян кәсіпкерлері инфрақұрылым мен логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Қазақ дипломаты Армения бизнесі Иран мен Түрікменстан арқылы транзиттік жүк тасымалын белсенді жүзеге асырып жатқанын хабарлады.

Ә. Қуантыров сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен екі Оңтүстік Кавказ республикасының сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі үшін Алматыға «good offices» шарттарымен келіссөздер алаңын ұсынған армян-әзербайжан реттеу процесін ілгерілетуге Қазақстанның қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан олардың арасында тез арада орнықты бейбітшілікті орнату перспективасына үмітпен қарайтынына, өйткені экономика, сауда, қоғамдық ахуалдың жағдайы және т.б. осыған байланысты екеніне ерекше назар аударды.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда Қазақстанның армян диаспорасының оң рөліне тоқталып кетті.

Сонымен бірге форум аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә. Қуантыровтың Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен, Грузия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Лаша Дарсалиямен, Сербия Республикасы СІМ-нің Мемлекеттік хатшысы Никола Стояновичпен, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Еуропа және Еуразия бөлімінің басшысы Эндрю Каруана Галициямен екіжақты кездесулері өтті.

Сонымен қатар Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарянмен екіжақты келіссөздер өтті. Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылады. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Арменияға биылғы сәуірдегі ресми сапарының қорытындысы бойынша келісімдерді іске асыру мәселелеріне жеке тоқталды. Сұхбаттастар аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы сапарлар мәселелері бойынша да «сағатты теңестірді».

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив