Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы: алты елдің әскери контингенттері арнайы операцияға дайындалуда

12-09-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Түркістан облысында Әзербайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің көпұлтты оқу-жаттығуына қатысушылар жауынгерлік міндеттерді зерделеуге кірісті.

Таудағы «Орда» полигонының оқу орындарында арнайы жасақтар тактикалық-атыс, мергендік сайыс, парашюттен секіру және тау дайындығы бойынша практикалық жаттығулар орындайды.

Мұндағы барлық әскери қызметшілер жараланған адамға медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгерген, байланыс құралдарын қолдана алады және кез келген қаруды үздік меңгерген.

Көпұлтты топтар құрамында жауынгерлік жұмыстарда болу әскери қызметшілерге шетелдік әріптестер қолданатын тактикалық әдістерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың алдында шартты түрде елді мекенде заңсыз қарулы топтың жолын жауып, көзін жою міндеті қойылды. Оны орындау кезінде топтардың ұрыс жағдайына мүмкіндігінше жақын жағдайларда үйлесімді және тиімді әрекет ету қабілеті тексеріледі.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар контингенттердің жауынгерлік үйлесімді жұмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді және өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп іс-қимылдар жасау үшін мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив