Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.19 538.45 5.18

Жамбыл облысында «Айбалта-2024» оқу-жаттығуы аяқталды

13-09-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

«Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповтың басшылығымен «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. 

Бұл оқу-жаттығу алғаш рет кешенді сабақтармен бірге екіжақты форматта өткізілді. Іс-шаралар әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіруге, әскерлердің далалық дағдыларын арттыруға және штабтар мен командирлердің әскерді ұдайы басқарудағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. 

Оған «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының бөлімшелері және ҚР Қарулы күштерінің Құрлық әскерлеріне тікелей бағынатын әскери бөлімдер тартылды. 

– Ахуалдың құбылмалы жағдайында артиллерия, авиация, ӘШҚҚ және радиоэлектрондық күрес құралдарының көмегімен түрлі әскер тектері мен әскерлердің өзара іс-қимыл мәселелері сапалы пысықталды. Атысты реттеу, жергілікті маневрлер және позицияларды жылдам өзгерту жоғары деңгейде орындалды. Әрбір әскери қызметші барынша әскери тәртіпке сай, жедел және қиын жағдайда міндеттерді орындауға дайын екендігін көрсетті, – деп атап өтті Бас штаб бастығы – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Мереке Көшекбаев. 

Оқу-жаттығуға барлығы 3000-нан астам әскери қызметші және 800-ден аса қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың діттеген мақсаттарына қол жеткізілді. Жеке құрам дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив