Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

2024 жылы АӨК саласында 82 жоба іске асырылды

13-09-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР АШМ-нің облыс әкімдіктерімен селекторлық кеңесінде АӨК-нің негізгі капиталына инвестициялар тарту қарқыны талқыланды. Ағымдағы жылдың 7 айында АӨК-ке 488 млрд.теңге сомасына инвестициялар тартылды, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығына - 407 млрд. теңге, тамақ өнімдерін өндіруге-81 млрд. теңге. Оның ішінде 8 айда пайдалануға берілген 82 жобаны іске асыруға инвестициялар. 2024 жылы 66,5 млрд. теңгені құрады.

Инвестициялық жобалардың негізгі бағыттары мал шаруашылығы, оның ішінде сүт-тауар фермалары және құс етін өндіру, өсімдік шаруашылығы, суару жобалары, өнімді сақтау жобалары болып табылады. Сонымен қатар, ет, сүт және астықты терең өңдеу, сондай-ақ өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту да басымдыққа ие.

Жобаларды іске асыру бойынша Павлодар, Ақмола, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облыстары көшбасшы болды. Сонымен қатар, АӨК саласында бірде-бір жоба Алматы, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында жүзеге асырылған жоқ.

«Бұл жобалардың әлсіз пысықталуын, іске асыруға қызығушылықтың жоқтығын көрсетеді, алайда олардың бұл саланы дамытуда үлкен әлеуеті бар», - деді министр Айдарбек Сапаров өңірлердің жұмысын сынға ала отырып.

Айдарбек Сапаров инвестициялау үшін жағдайлар жасалғанын атап өтті: қаражат тартылды – жеңілдікті несиелер, инвестициялық субсидиялар бар, бірақ жергілікті жерлерде жұмыс істеу қажет.

Министр әкімдіктерге 2024 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларды уақтылы пайдалануға беру жөнінде шаралар қабылдауды, қаржы институттарына - техниканы жаңарту, жаңа технологияларды енгізу үшін жеңілдікті кредиттер мен лизингтік бағдарламаларды ұсынуда икемділікті арттыру есебінен қаржыландырудың барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив