Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
506.21 568.42 6.3

ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында Қазақстан жастарының ұсыныстары баяндалады

13-09-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстандағы климаттың өзгеруі бойынша жергілікті жастар конференциясы (LCOY Kazakhstan 2024) өтті.

Бұл алаң климаттың өзгеруі және экологиялық проблемаларға бейімделу мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін жасалған, мұнда жастардың пікірі шешуші рөл атқарады. Талқылауларға сарапшылар, саясаткерлер және экологиялық белсенділер де қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыптары: «Қазақстандағы климаттың өзгеруі», «Климат өзгеруінің су секторына әсерін бағалау», «Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін жергілікті шешімдер», «Қазақстандағы жасыл, тұрақты және заманауи энергетиканы жаппай енгізу мен қолданудың маңызы, болашақ перспективалары».

LCOY Kazakhstan 2024 нәтижесі ретінде Қазақстан жастарының ұсыныстарымен баяндама дайындалады, ол Бакуде өтетін ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив