Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Киелі Абай елінің жұртшылығы жеңімпаздарды әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды

13-09-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының атынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан спортшылар жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ойындарда ұлттық рухты асқақтатқан спортшылар қатарында қазақ күресінен алтын медаль алған Дидар Түқышев, Зарина Сарипова және Роза Нысантайқызы бар. Сонымен қатар, арқан тарту сайысында күміс жүлдені иеленген Айгерім Жұманқызы, құсбегілік сайысында күміс жүлдегер атанған Ерзат Байқадамов, кураш күресінен қола жүлдені жеңіп алған Ерзат Арғынов та облыс намысын абыроймен қорғады.

Бүгін Абай атындағы халықаралық әуежайда жерлестері ел мерейін үстем еткен спортшыларды сән-салтанатпен, ерекше ықыласпен қарсы алды. Бұл кездесуде спортшылардың жеңісті сәттері мен қажырлы еңбектері атап өтіліп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жиналған жұрт жеңімпаздарға алғыс айтып, алдағы уақытта да ел атын асқақтатар жаңа жеңістер тілеп, қолдау көрсетті.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын әлемге танытатын үлкен алаң. Абай облысының спортшылары осы алаңда ел намысын қорғап, халқымыздың ұлттық спорттағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив