Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.19 538.45 5.18

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары БҰҰ Тұрақты үйлестірушісін қабылдады

14-09-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сториді миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

А.Рахметуллин М.Фриберг-Сторидің БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі лауазымындағы қызметін қорытындылай келе, БҰҰ елдік тобының белсенді әрі сәтті қызметін атап өтті. БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің офисі мен елдік тобының бірлескен күш-жігерінің арқасында Орнықты даму бойынша 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар ұлттық және өңірлік деңгейдегі бағдарламалар мен жобалардың іске асырылғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен әмбебап халықаралық ұйым арасындағы болашақ ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылады.

М.Фриберг-Стори өз офисі мен Қазақстандағы БҰҰ елдік тобының қызметіне жан-жақты қолғабыс көрсеткені үшін ҚР Үкіметіне ризашылығын білдіріп, БҰҰ елдік тобының ҚР мен БҰҰ басымдықтарына сәйкес міндеттемелер, бағдарламалар мен жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыратынына сендірді.

Кездесудің соңында А.Рахметуллин Қазақстан мен БҰҰ арасындағы байланыстарды нығайтудағы маңызды үлесі және жемісті өзара іс-қимылы үшін М.Фриберг-Сториге алғысын білдіре отырып, жаһандық ұйым жүйесіндегі болашақ қызметіне сәттілік тіледі.

Тұрақты үйлестіруші – БҰҰ даму жүйесінің жоғары деңгейдегі өкілі, БҰҰ Бас хатшысымен тағайындалады және оған есеп береді. 2030 жылға дейінгі күн тәртібін жүзеге асыру бойынша елдердің күш-жігерін қолдау үшін БҰҰ-ның даму бойынша жедел қызметін үйлестіруге жауапты, БҰҰ-мен ынтымақтастықтың шеңберлік бағдарламасын әзірлеуде, бақылауда және есеп беруде БҰҰ елдік тобын басқарады және қолдайды. М.Фриберг-Стори БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив