Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Семейде АЭС салу мәселесі бойынша жастармен кездесу жиыны өтті

15-09-2024, 13:55 018.kz

АЭС құрылысы туралы «Абай облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-ның «Келешек» жастар Кеңесі «Семей көпсалалы колледжінде» жастарымен жиын өткізді.

Семей көпсалалы колледжінде «Келешек» жастар Кеңесінің бастамасымен жалпыхалықтық референдумға орай кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның басты тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі болды.

Кездесуге колледж студенттері мен ұйым мүшелері қатысып, АЭС салудың артықшылықтары мен ықтимал қауіптері, энергетикалық тәуелсіздік және қоршаған ортаға әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Жастар өз пікірлерін ортаға салып, бұл жобаның елдің болашағына әсерін жан-жақты қарастырды. Осындай талқылаулардың нәтижесінде қатысушылар АЭС салу туралы шешімнің ел үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, өз көзқарастарын білдірді.

Кездесуде «Келшек» жастар кеңесінің төрағасы Өрлеубек Ерсінбек: «Атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттарды шығармайтынын, атом электр станцияларының радиациялық әсерінің үлесі өте аз және әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғат үшін қауіпсіздігін дәлелдейтінін» - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелерімен радиациялық қауіптер және олардың денсаулық пен қоршаған ортаға әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланып, республикалық референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысын атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізіліп, белсенді әрі мазмұнды пікір алмасулармен аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив