Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Семейлік студенттер АЭС салу мәселесін талқылады

17-09-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін геологиялық барлау колледжінің студенттерінің қатысуымен жиын өтті. Кездесуге Шәкәрім университетінің техникалық физика және энергетика кафедрасының меңгерушісі Ольга Александровна және оқу орнының басшылығы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге Қазақстанда АЭС салу туралы ақпарат беру, энергетика саласындағы қазіргі жағдайды талқылау.

Жиында АЭС құрылысының технологиялық ерекшеліктері мен қауіпсіздік шаралары талқыланды. Спикерлер атом энергетикасының Қазақстан үшін маңыздылығына тоқталып, оның еліміздің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар АЭС құрылысына қатысты сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Жастар энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, АЭС салудың әлеуетті әсері турасында мол мағлұмат алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив