Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әскери-патриоттық тәрбиенің пәрмені – мемлекеттік органдар мен қоғамның күш-жігерін біріктіруде

17-09-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігінде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің елдегі ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің басшыларымен кездесуі өтті.

Отырысқа қатысушылар жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметке деген ынтасын арттыру және ардагерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі қызметті жетілдіру мәселелерін қозғады.

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оң имиджін қалыптастыру жөніндегі жұмыста мемлекеттік органдар мен ардагерлер қоғамы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

– Патриотизмге біз ерекше мән береміз. Қорғаныс министрлігі осы бағытта пәрменді және практикалық шаралар қабылдады. Жергілікті атқарушы органдармен, ардагерлер ұйымдарымен, мәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынаста біз түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар өткіземіз, – деп атап өтті ол.

Жас азаматтарымыздың арасында мемлекетте жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін дамытуда стратегиялық басымдық берілді. Мәселен, Ел Президентінің тапсырмасы бойынша өткен жылдың 24 қарашасында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Жастарды 2030 жылға дейін әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасы бекітілді. Онда жұмыстың түрлері мен әдістерін жетілдіру, осы саладағы ұйымдастырушылар мен мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, әскери-патриоттық тәрбиеде материалдық базаны және ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі шаралар айқындалған.

Қорғаныс министрлігі жыл сайын қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен "Айбынды әскер" акциясын, әскери мамандар арасында "Әскер тарланы" байқауын, "Сарбаз сахнасы" сарбаз әндері фестивалін, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық әндер фестивалін өткізіп жүр.

Бүгінгі таңда елімізде 8 мыңнан астам әскери-патриоттық клуб, "Жас сарбаз" сыныптары, сондай-ақ "Смарт сарбаз" үйірмелері жұмыс істейді. Оларға әскери-патриоттық қозғалыстың 280 мыңнан астам тәрбиеленушісі жұмылдырылған, бұл дегеніміз жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылардың жалпы санының шамамен 7,2 пайызы.

Qazaqstan ardagerleri қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл өз баяндамасында қоғамдық бірлестіктердің жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі және олардың Отанды қорғауға дайындығын қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

"Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Орталық кеңесінің мүшесі запастағы полковник Ғани Артықов пен Qazaqstan ardagerleri қауымдастығы төрағасының орынбасары, "Астана Ақшамы" газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков Қарулы күштердің имиджін арттыру, әскери қызметті насихаттау жөніндегі өз көзқарастарымен бөлісті.

Кеңес барысында Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің жаңа тәсілдері туралы айтып берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Олжас Анафиннің сөйлеген сөзі басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналды.

Іс-шара соңында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бірқатар ардагерлерге Қорғаныс министрінің атынан алғыс хаттар табыс етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив