Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қытайлық мамандар озық тәжірибелерімен бөлісті

18-09-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшылары ISO/IEC 17020 «Сәйкестікті бағалау. Инспекциялық органдарға қойылатын талаптар» өрт қауіпсіздігі (CNAS 01:2012) стандарт бойынша 7 және 8 қыркүйекте Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы CNAS ҚХР аккредиттеу органында тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама инспекция жүргізетін органдарға қойылатын талаптарды белгілейтін ISO/IEC 17020 стандартына арналды.

Қазақстандық мамандар қытайлық әріптестерінің жұмысын бақылай отырып, өртке қарсы қауіпсіздік инспекциясы саласында бірегей тәжірибе мен терең білім алды. Олар автоматты дабыл және түтіннен қорғау жүйесі сияқты өрт қауіпсіздігі жүйелерін бағалау әдістерін зерттеді, бұл Қазақстандағы аккредиттеу практикасын жақсартуға мүмкіндік береді.

ҰҚО мамандары қытайлық мамандардың жоғары біліктілігі мен ішкі процедураларды жетілдіру үшін алынған тәжірибенің құндылығын атап өтті. Зерделенген материал негізінде ҰАО Қазақстанда аккредиттеу рәсіміне жаңартылған тәсілдер мен жақсартуларды енгізуді жоспарлап отыр, бұл елдегі өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне оң әсерін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив