Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

Оқушыларға арналған футбол алаңы ашылды

20-09-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияда облыс әкімінің қолдауымен жаңадан салынған футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Алаңның жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрайды.

Іс-шараға облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі өкілдері, Абай облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы, гимназияның қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Шара барысында облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаз оқушыларының шеруі өткізіліп, жас спортшылар өз өнерлерін көрсетті.

Жаңа алаң жас спортшылардың кәсіби спорттық деңгейін көтеріп, шеберлігін шыңдауға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

Айта кетейік, қазан айында мектептің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілмек. Мерейтой аясында халықаралық конференция ұйымдастырылып, білім ордасының тарихы мен жетістіктері кеңінен насихатталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив