Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Такси қызметіне заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде

20-09-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Көлік министрлігімен мүдделі мемлекеттік органдармен бірге таксомоторлық тасымалдау саласында заңнама талаптарын сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес таксимен тасымалдауды жүзеге асыру үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болу қажет,
ол қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға таксимен тасымалдау қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

Бұл ретте, таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолданумен тасымалдауларды тек таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушылары ғана жүзеге асыра алады.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі бар және рулi оң жақтан басқарылатын автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметке тыйым салынған.

Жоғарыда айтылғанның негізінде жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын сақтаудың қажеттілігі туралы ескертеміз және белгіленген талаптарды бұзушылық үшін жауаптылық көзделгенін еске саламыз.

Сонымен бірге, такси саласында қызмет көрсету кезіндегі басым
міндеттердің бірі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сапар алдында және сапар барысында келесі іс-қимылдарды жасау қажет екенін хабарлаймыз:

- сапар басталар алдында көліктің маркасы мен нөмірін, сондай-ақ жүргізушінің фотосуретін таксиге тапсырыс беру сервисіндегі ақпаратпен салыстырыңыз;

- егер ақпарат сәйкес келмесе, таксиге тапсырыс беру қызметіндегі сапардан бас тартыңыз және бұл туралы қолдау қызметіне хабарлаңыз;

- сапар кезінде қауіпсіздік белгісін тағуды ұмытпаңыз, тіпті артқы орындықтада;

- жол жүру кезіндегі штаттан тыс жағдайлар туралы (жүргізушінің дөрекі немесе орынсыз мінез-құлқы, көліктің лас салоны, агрессивті немесе қауіпті жүргізу стилі, жүргізушінің жол ережесін бұзуы) қолдау қызметіне уақтылы хабарласыңыз.

Осыған орай, әлеуетті жолаушылардың мағлұматына жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда уақтылы құқық қорғау органдарын хабардар ету қажет екендігі туралы жеткіземіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив