Семей жастарына ортақ ғимарат берілді
Бүгін Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала жастары қатысты. Орталықта жалпы 16 бөлме бар, бірақ қазіргі таңда оның 8 жұмыс бөлмесі қолданыста. Жұмыс бөлмелері үстел, орындықтар, жұмыс компьютерлерімен жабдықталған.
Орталыққа 14-35 жас аралығындағы жастар келе алады.
Жастар орталығы 11 бағыт бойынша жұмыс атқарады:
1. «Жастар ресурстық орталығы» КММ
Қаладағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
2. «Coworking» орталық
20 адамға дейін кездесу өткізуге арналған орталық. Жастар жиналып кездесулер өткізіп, жобаларын талдайды. Семинар-тренингтер өткізе алады.
3. «Медиа» орталық
Қаламыздағы медиа бағытты дамыту, мобилограф, смм мамандарын қолдау, қызықты контенттер,подкасттар түсіру.
4. «Жастарға кеңес беру орталығы»
Орталыққа келген жастарға заңгер, психолог,заң консультациясы, қаржы, білім бойынша сұрақтарымен келіп мәселелерін шешуге мүмкіндік алады.
5. «Студент жастарды қолдау»
Студенттердің құқықтарын қорғап, олардың бастамаларына қолдау білдіру.
6. Семей қаласының «волонтерлік фронт офисі»
Арнаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрғындардың тізімін дайындап, оларға еріктіліктердің көмектерін ұйымдастыру.
7. «Жастарды әлеуметтік қолдау» орталығы
Балалар үйінің түлектері мен басқа өңірлерден келген жастарға әлеуметтік қолдау білдіріп, оларға мемлекет тарапынан берілетін көмектерді алуға жәрлемдесу.
8. «Креативті индустрияны дамыту» орталығы
Орталықта жайдарман, «stand up» т.б саладағы жастардың басы қосылады.
9. «Жастар шығармашылығын дамыту» орталығы
Айтыскер, жас ақындар, жастар театрларын жастары мен басқа да өнерлі жастар жиналады.
10. Жастарды «Интелектуалды қолдау» орталығы
Республикалық дебат турнирлерының жоспарлары құрылып, жастардың интеллектуалды қабілеттерін аттыру мақсатында семинар-тренингтер жүргізіледі.
11. Жастар саясатын дамыту орталығы
Саяси партиялардың жастар қанаттары осы орталықта жиналады. Жас мемлекеттік қызметкерлер мектебін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық резервын дайындайды.
Жоғарыда аталғандай жастар орталыққа заң, қаржылық, волонтерлік және т.б. сұрақтарымен жүгіне алады.