Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Биле Семей» би фестивалі өтуде

21-09-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «Қала күні - 2024» мерекесі аясында «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және AMG group Alpha Marino және Alpha Dance заманауи би мектебінің ұйымдастыруымен «Биле Семей» би фестивалі өтуде. Шара қаланың рухани-мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі ретінде өтіп жатыр.

Мерекелік шараға қала тұрғындарымен бірге Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, жас өнерпаздарға қолдау білдірді. 

Фестивальге қаламыздағы 11 би мектебінің үздік өнерпаздары қатысып, әртүрлі би жанрларында өз шеберліктерін көрсетіп жатыр.

«Биле Семей» би фестивалі жыл сайынғы қала күні мерекесінің ажырамас бөлігіне айналып, шығармашыл жастардың дамуына үлкен септігін тигізіп келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив