Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Семей қаласында қала күні кең көлемде аталып өтті

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының орталығы Семей қаласында қала күні ерекше форматта аталып өтті. Биыл қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар үш күнге жалғасты. Бұл мерекеде жаңартылған аулалардың ашылуы, қала әкімінің кубогына арналған Jaidarman ойындары, жастар орталығының және қаланың сол жағалауында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының филиалының ашылуы өтті. Сондай-ақ, 1200 оқушыға арналған «Заря» шағын ауданындағы IT мектептің ашылуы да осы күнге дөп келді. Семей ақындардың жері болғандықтан, «Семейден ескен самал» атты жас ақындар антологиясының тұсаукесері де ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 80-90 жылдардағы әндер орындалған «Retro Fest» фестивалі тұрғындардың көңілін көтерді.

Орталық саябақта балалар арасында фестиваль ұйымдастырылды. Фестиваль бағдарламасында заманауи билер, жастар музыкалық топтарының өнері, аспаптық музыка, стендтік шоулар және аниматорлармен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.

Мерекелік бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі – спорттық жарыстар болды. «ARB SEMEY» лигасы аясында топтық турнир және «Tartyl Fest» және «Семей батыры» атты күштілер сайысы көрермендердің назарын аударды. Жеңімпаздарға медальдар, ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Күннің ең есте қалар оқиғасы ретінде Семей қаласының кондитерлері әзірлеген 20 метрлік тортты атауға болады. Торттың дайындалуына қала тұрғындары да белсене қатысты. Ертіс өзенінің жағалауында танымал "пончиктерді" жеуден жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Бұдан бөлек, көрмелер мен театрландырылған қойылымдар да өтті. Биылғы қала күні тек орталықта ғана емес, қаланың шеткері аймақтарында да атап өтіліп, 3 күнде 60-тан астам іс-шара ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған мерекелік іс-шаралар Орталық алаңдағы ашық аспан астында өткен Open Air концерттік бағдарламасымен аяқталды. Концертте танымал эстрада жұлдыздары Ilhan, Ғазизхан Шекербеков, Азиз Балтабекұлы, DJ Ahmetov және Мирас Жүгінісов өз өнерлерін көрсетіп, семейліктер мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концертті белгілі әнші, актриса Ақботанұр Абайқызы мен Дәулет Исраил (Dake ZZZ) жүргізді. Мерекелік шара отшашумен аяқталды. Open Air форматындағы кешті 40 000-ға жуық көрермен тамашалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив