Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
487.37 532.94 5.09

«Семейден ескен самал» оқырманға жол тартты

21-09-2024, 17:26 Сәтжан Қасымжанұлы

Семей қаласының күні мерекесі аясында, ұлттық әдебиетімізге үлкен үлес қосқан, елімізге танымал жергілікті ақындардың өлеңдер жинағы «Семейден ескен самал» деген атаумен жарық көріп, қалың оқырманға жол тартты. Бұл жинақ — қазақ поэзиясының өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген Семей өңірінің ақындарының туындыларын бір арнаға тоғыстырған антология болып табылады.

Антологияның құрастырушысы — Қазақстан Жазушылар Одағының Абай облыстық филиалының директоры, белгілі ақын Мерей Қарт. Ол бұл жобаны жүзеге асыру барысында Семей өңірінің ақындық мектебін дәріптеп, оның көрнекті өкілдерінің өлеңдерін оқырмандарға кеңінен таныту мақсатын көздеген. Жинаққа Серікзат Дүйсенғазы, Талғат Ешенұлы, Қалқаман Сарин, Қарлығаш Әубәкір, Олжас Қасым, Арман Шеризат сынды отыздан астам танымал ақынның өлеңдері енгізілген.

Бұл жинақта ақындардың туған жерге, Семей өңіріне, оның руханиятына деген терең сүйіспеншілігі айқын сезіледі. Әр ақынның шығармалары арқылы туған жердің табиғаты, тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтары кеңінен көрініс тапқан. Осылайша, «Семейден ескен самал» жинағы оқырманды туған жерге деген мақтаныш сезімін оятып, ұлттық рухты асқақтатады.

Кітаптың шығуына Семей қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп, қала күніне арналған маңызды мәдени шаралардың бірі ретінде ұйымдастырылды. Бұл антология Семейдің әдебиет сүйер қауымына тамаша тарту болып отыр. Оқырмандар бұл жинақ арқылы ақындардың жан-дүниесіне терең бойлап, олардың туған жерге деген ықыласы мен құрметін терең сезінетін болады.

Жинақтың жарыққа шығуы Семей қаласының әдеби мұраларын сақтап, жас ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі. «Семейден ескен самал» — ұлттың рухани қазынасын молайтып, әдебиет сүйер қауымға өшпес мұра ретінде қалатын құнды еңбек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив