Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Республикалық «SportArtFest» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – жастарды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда дамыту, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздегі 500-ден астам елді мекеннен 10 мыңға жуық жас қатысты. Үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы зияткерлік және шығармашылық жарыстарда бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша Жетісу облысының «Tau stars» командасы бірінші орын, Жамбыл облысының «Шу жастары»командасы екінші орын алса, үшінші орынды Атырау облысының «Firdaus» командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры – 1 600 000 теңге.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив