Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Армия спортшысы Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды

23-09-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Ақтөбеде Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирі өтті.

Қорғаныс министрлігі Армия Орталық спорт клубының спортшысы капитан Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық Ходжонисо Комолдинованы мерзімінен бұрын жеңіп, Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды.

Айта кету керек, спортшы ММА-да екі жылдық үзілістен кейін 77 кг салмақта өнер көрсетті.

- Мен өз күшіме сенімді болдым. Бұл турнирге де тек жеңіске жету үшін келдім. Менің мақсатым - алғашқы әйел чемпион болу еді. Ол арманым орындалды. Армия Орталық спорт клубына маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, - деді Зәмзәгүл Файзолланова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив