Министр Дархан Қыдырәлі Х Баку жаһандық форумында сөз сөйледі
Оныншы рет өткізіліп отырған форумның интеллектуалдық платформаға айналып келе жатқанын атап өткен Дархан Қыдырәлі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында сөйлеген сөзін еске салды.
Сондай-ақ Д.Қыдырәлі Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен бас тартып, Семей полигонын жауып, халықаралық қауымдастық алдында ядролық қарусыз әлем құрудағы табандылығын көрсеткенін, бұл жаһан проблемасын жұмыла шешудегі Қазақстанның үлесі екенін айтты.
Министр жаһанның және аймақтың алдында тұрған сын-қатерлер, оның ішіндегі климаттың, азық-түліктің және ядролық қауіпсіздікпен қатар, постшындық дәуірінде белең алған гибрид соғыстары, инфодемия құбылыстары ақпараттық қауіпсіздікке де ерекше назар аудару қажет екенін көрсетіп отырғанын атап өтті.
Жаңа технологияның дамуы адам өміріне артықшылақтар берумен қатар, сын-қатерлермен де бетпе-бет келтіріп отыр.
Сонымен бірге министр Каспий теңізінің экологиялық жағдайына да назар аудару қажет екенін тілге тиек етті.
Осымен 10-ыншы рет өткізіліп отырған Баку жаhандық форумына Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев, әлемнің белгілі саяси қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
Айта кету керек, қазақстандық делегация құрамында ғылыми-зерттеу орталықтары мен министрлікке қарасты мекемелердің өкілдері болды.