Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

ІІМ жаңа оқу жылында жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуды күшейтті

23-09-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа оқу жылында полицейлер есірткі қылмысының алдын алуды күшейтті. Негізгі мақсат – есірткінің таралуын болдырмау және нашақорлар санын азайту.

Есірткінің зияны және олардың салдары туралы білу есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Қыркүйек айынан бастап оқу орындары мен қоғамдық ұйымдарда 850 профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл жұмыс 35 мың адамды қамтыды.

Жастар бұл бағыттағы іс-шараларда белсенділік танытып келеді. Оқушылар мен студенттер салауатты өмір салтын қолдайды.

– Есірткі қылмысының алдын алу – бұл білім беру мекемелерінің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың бірігуін қажет ететін ортақ міндет. Оқу жылының басталуы – болашақ туралы ойлануға және жаман мен жақсыны саралауға мүмкіндік беретін сәт. Бірлесіп қана біз есірткісіз сау қоғам құра аламыз, – деді ведомствода.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив