Үкіметте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қытайлық China Datang Corporation Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дағы электр энергиясын ірі өндірушілердің бірі қытайлық China Datang Corporation Ltd компаниясы өкілдерімен кездесті.
Компания өз қызметін әлемнің 10-нан астам елінде, соның ішінде Мьянма, Камбоджа, Лаос, Индонезия, Өзбекстан және Сингапурда жүзеге асырады. Компанияның өндіруші нысандарының жалпы белгіленген қуаты 190 ГВт-тан асады, оның шамамен 50%-ы – жаңартылатын энергия көздері.
China Datang Corporation Ltd. 14 жыл қатарынан Fortune Global 500 тізіміне еніп келеді.
Талқылау барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, оның ішінде инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы атап өтті.
Электр және жылу энергетикасында жаңа қуаттар енгізу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қытайлық компанияның аралас электр стансасын салу жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар көмір химиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қытай корпорациясы бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берілді.