Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Елімізде оқушы мен мұғалімнің сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануына тыйым салынады

10-03-2023, 10:16 Думан Кенжеғазыұлы

Білім беру ұйымдарында сабақ үстінде ұстаздар мен оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген.


Жаңа өзгеріске сәйкес мектептің ішкі тәртібіне қарама-қайшы әрекет жасаған оқушылар, олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ескертпестен мектептен шығарылмайды. Сонымен қатар, сабақ кезінде қажеттілік болмаған жағдайда педагог пен оқушыға ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.


«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтер сабақтарда ұялы телефондарын пайдаланбайды», - деп бұйрыққа өзгеріс енгізілген.

Ал жоғарыда аталған ережелер қазіргі қолданыстағы заңнамада жоқ. Бұйрық 28 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив