Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ядролық орталықтың мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді

24-09-2024, 14:37 018.kz

2024 жылдың 6 қазанында елімізде АЭС салу жөнінде референдум өткізу мәселесіне орай, Ақсуат аудандық мәдениет үйінде облыстық ақпараттық топтың мүшелері, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың «Байкал-1» реакторларын зерттеу кешенінің бастығы Алмас Азимханов пен осы кешенде эксперименттерді дайындау және жүргізу қызметінің бастығы Асхат Дюсенбаев аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуде АЭС құрылысы және атом энергетикасының қоршаған ортаға әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында А. Азимханов пен А. Дюсенбаев «АЭС құрылысы және атомның қоршаған ортаға әсері» тақырыбында баяндама жасады. Олар слайдтар мен бейнематериалдар арқылы атом электр станциясының еліміз үшін экономикалық тұрғыдан тиімділігін және қоршаған ортаға әсерін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Жиынға 200-ден астам аудан тұрғыны қатысып, АЭС құрылысына байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Тұрғындардың барлық сұрақтарына мамандар жан-жақты әрі нақты жауаптар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив