Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

«Астана балет» әртістері Түркия фестивалінде көрермен қошеметіне бөленді

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

«Астана Балет» театры труппасы Аспендоста (Түркия) өткен XXXI Халықаралық опера және балет фестиваліне қатысты.

Өнер мерекесі шамамен 2 мың жыл бұрын салынған ежелгі амфитеатрдың сахнасында өтті. Қазіргі кезде театрға 3 мыңға жуық көрермен сияды. «Астана Балет» қойылымына барлық билет бірден сатылып кеткен.

Қазақстандық әртістер көрерменге екі балет қойылымын ұсынды: «Кармен-сюита» (Альберто Алонсо хореографиясы) және «A Fuego Lento» / «Баяу от» (Рикардо Амаранте хореографиясы).

Спектакльдерге театрдың жетекші солистері Қаламқас Орынбасарова, Сүндет Сұлтанов, Уэсли Карвальо және басқалар қатысты.

Көрермен қауым әртістердің кәсібилігі мен техникалық шеберлігін ғана емес, сонымен қатар өнерге адалдығы мен сезімді жеткізе алатын қабілеті үшін де жоғары бағалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив