Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару жөніндегі екінші ұлттық форумы өтеді
2024 жылғы 17 қыркүйек Алматы қаласы, Қазақстан – Екінші Qazaqstan IGF 2024: интернетті басқару жөніндегі Ұлттық форум 16 қазанда Алматы қаласының жетекші IT хабында, SmArtPoint-те өтеді. Бұл маңызды оқиға Қазақстанда ашық және қауіпсіз цифрлық кеңістіктің құрылуына ықпал етеді.
Интернетті басқару жөніндегі жаһандық форумның (The Internet Governance Forum, IGF) бөлігі ретінде IGF ұлттық бастамалары Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшылығының қолдауымен өткізілетін төрт құрлықтағы әлемнің 106 елінде ұсынылған.
Qazaqstan IGF - мемлекеттік органдар, жеке сектор, азаматтық қоғам және академиялық ортаның 200-ден астам өкілінің интернет пен киберқауіпсіздікке қатысты көптеген мәселені талқылайтын жыл сайынғы бірегей ұлттық форумы.
Атап айтқанда, шарада мынадай тақырыптар қамтылады:
- Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру тәсілі ретінде интернетті көпжақты басқару;
- Жасанды интеллект дәуіріндегі құпиялылық;
- Криптовалюталардың эволюциясы және оларды реттеу;
- Жеке байланыс желілері, цифрлық теңсіздікті жеңу;
- Парламенттік бастама: цифрлық заңнаманы кодификациялау;
- Қазақстанның цифрлық болашағындағы әйелдердің рөлі;
- Онлайн платформаларды Ұлттық реттеу; және тағы басқалар.
Бұдан басқа, іс-шарада «Digital Rights Center Qazaqstan» (DRCQ) заң фирмасының сарапшылары жасаған корпоративтік басқару, пікір білдіру еркіндігі және құпиялылық бойынша көрсеткіштерді ескере отырып, телеком, финтех және е-commerce үш секторы бойынша «Цифрлық құқықтарды сақтау рейтингі 2024» нәтижелері ұсынылатын болады.
Qazaqstan IGF 2024 ұйымдастырушылары:«Eurasian Digital Foundation» қоры және DRCQ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшылығының ресми қолдауымен, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, «Digital Paradigm» ҚҚ, Maqsut Narikbayev University және «BlockchainKZ» блокчейн технологиясын әзірлеушілер мен пайдаланушылар қауымдастығымен серіктестікте.
IGF ұлттық бастамасы көпжақты диалог құруды ынталандырады және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді #9 «Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым» және #17 «Тұрақты даму үшін серіктестік».
igf.kz; #QazaqstanIGF
Байланыс үшін:
Асель Берімжарова,
Ұ.т.: +7 701 749 0200
Шара операторы Eurasian Digital Foundation адамның цифрлық құқықтарын қорғауға ұмтылады және Қазақстан мен Еуразиялық кеңістікте интернетті зерттеуге ықпал етеді. Қосымша ақпарат алу үшін Eurasian Digital Foundation және Qazaqstan IGF Instagram, Qazaqstan IGF Facebook парақшаларын, Qazaqstan IGF Telegram және Qazaqstan IGF веб-сайтына кіріңіз.
Кез келген сұрақтар үшін e-mail: igf@igf.kz, ph.: + 7 775 007 81 90