Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Тұрғындарға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері еске салынды

25-09-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Осы жылдың 8 айында болат магистральда өндірістік емес жарақаттанудың алдын алу бойынша теміржолшылар өткізген профилактикалық кездесулерге 100 мыңға жуық адам қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындармен барлығы 5,5 мыңнан астам жиналыс өткізілді.

Сондай-ақ, теміржолшылар болат магистральға жақын орналасқан оқу орындарына барып, балалармен қауіпсіздік сабақтары мен әңгімелесулер өткізді, теміржолда жүріс-тұрыс ережелерін қамтитын көрнекі жадынамалар, буклеттер таратты, теміржол инфрақұрылымы объектілерінде қауіпсіздік тақырыбында бейнероликтер көрсетті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп теміржолшылар 2, 2 мыңнан астам бірлескен рейд ұйымдастырды. Құқық бұзушылармен түсіндірме әңгімелер жүргізіп, қауіпсіздік жадынамаларын табыс етті. ҚТЖ-да көлік прокуратурасы мен полицияның, ҚР Көлік министрлігінің аумақтық көліктік бақылау органдарының, БАҚ өкілдерін, сондай-ақ жүк тасымалдау бөлімшелерінің шекараларында қатысы бар қызметтерді шақыра отырып, Үйлестіру кеңесінің 145 отырысы өткізілді.

Адамдардың жарақаттануының негізгі себебі әлі де жақындап қалған  пойыздың алдына шығуы болып табылады.

Локомотив бригадаларының адамдарды басуын болдырмау үшін төтенше тежеудің 444 жағдайы қолданылды, соның басым бөлігі Алматы, Шымкент және Маңғыстау өңірлеріне тиесілі. Теміржолшылардың қырағылығы мен жеделдігінің арқасында қауіпсіздік ережелерін елемейтін және өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін адамдардың өмірі сақтап қалынды.

Адамдардың темір жолдар арқылы жаппай өтетін жерлерінде қауіп туралы ескертетін 479 белгі: "Назар аударыңыз, темір жол қауіптілігі жоғары аймақ", "Өтуге тыйым салынады", "Абайлаңыз - қауіпті аймақ", "Абайлаңыз - электр кернеуі" белгілері ауыстырылды.

Теміржолшылар темір жолы - бұл назар аудармау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін қауіпті аймақ екнін еске салады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив