Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысынан 12 спортшы қатысқан

Бүгін, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша  «Абай облысының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» КММ-нің директоры Болат Ақжігітов баяндады.

-  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында апта бойы  21 спорт түрінен сайыстар өтті. Дүбірлі додаға 89 мемлекеттен 2500-ге жуық спортшы қатысты. Ал, Қазақстан құрамасы атынан 21 спорт түрінен барлығы 216 спортшы бақ сынады. 21 спорт түрі  қамтылған сайыстар алты күн бойы «Қазанат» ипподромы, «Арғымақ» спорт алаңы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы сынды 6 түрлі нысанда өтті, - деп атап өтті.

Еліміздің спортшылары 112 медальмен көш бастаған. Оның ішінде 43 алтын, 32 күміс және 37 қола жүлде қоржынға түскен.

- Абай облысының атынан  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 12 спортшы қатысты. Жорғадан 3 шабандоз, қазақ күресінен 4 спортшы, құсбегілік арқан тартуға, кураш және аба күресі, Мас-рестлинг спортына 1 спортшыдан қатысты. Облыс  иелігінде 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль алды.  Бұл ойындарда ұлттық рухты асқақтатқан спортшылар қатарында қазақ күресінен алтын медаль алған Дидар Түқышев, Зарина Сарипова және Роза Нысантайқызы бар. Сонымен қатар, арқан тарту сайысында күміс жүлдені иеленген Айгерім Жұманқызы, құсбегілік сайысында күміс жүлдегер атанған Ерзат Байқадамов және жорғадан күмістен алқа таққан Тілеуғалиұлы Ербұлан, кураш күресінен қола жүлдені жеңіп алған Ерзат Арғынов та облыс намысын абыроймен қорғады, - деді спикер.

Айта өтсек, 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы  Нежмеддин Біләл Ердоған  салтанатты  жиын барысында хабарлаған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив