Алғашқы медаль Франция еншісінде. Қазақстан үздік бестікте.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздар белгілі болды, - деп хабарлайды 018.kz «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбы ату сайысына 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар 11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша Франция құрамасының спортшысы Raphael Malet Көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медаліне ие болды. Күміс жүлдені Моңғолия Altankhuyag Nergui иеленді. Ал қола медаль Франция елінен Gaëtan Blot алды, деп хабарлайды Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестікке қатарына енді.
Айта кестек, Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетті. Спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген.
Спортшыларымыз алдағы үш күн 3 стиль (азия, түрік, қазақ) бойынша бақ сынасатын болады.
Ат үстінде садақ атудан халықаралық альянс президенті Аллан Ле Галл Қазақстан құрамасы жамбы атудан мықты командалардың бірі екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 қатысушы тіркелді. Қазақстан құрамасынан 261 спортшы қатысады. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581 дана.