Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Нью-Йоркте ТМҰ-ға мүше елдердің СІМ басшыларының бейресми кездесуі өтті

26-09-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті.

Отырысты ашқан Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ТМҰ құрылуының 15 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтті.

М. Нұртілеу осы кезеңде қол жеткізілген елеулі нәтижелерге тоқталып, қазіргі таңда халықаралық аренадағы түркі интеграциясының маңызды рөлін еске салды.

Ол сондай-ақ Қазақстан ТМҰ-ның 2023-2024 жылдары төрағасы ретінде «TURKTIME» ұранымен 80-нен астам іс-шара, соның ішінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын сәтті өткізгенін айтты.

Кездесу барысында қатысушылар ТМҰ шеңберінде ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ 2024 жылғы қарашада Бішкекте өтуі жоспарланған Ұйымның 11-ші Саммитіне дайындық мәселелерін талқылады. Бұған қоса БҰҰ мен ИЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен ТМҰ-ның ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударылды.

Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар ортақ мақсат – түркі елдерінің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға жету үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, ТМҰ шеңберінде ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын растады.

Анықтама: Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан мен Түркия президенттері 2009 жылғы 3 қазанда Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды, кейін ол ТМҰ болып өзгертілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив