Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Қазақ ұлттық хореография академиясында концертмейстерлерге арналған шеберлік сыныптары басталды

26-09-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақ ұлттық хореография академиясында Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының (ММАХ) профессоры Марина Буланкинаның шеберлік сыныбы өтеді.

Ерлер мен әйелдер сыныптарын, бастауыш және жоғары курстардағы музыкалық сүйемелдеу нюанстарын оқыту жоспарланған.

Шеберлік сыныбы 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Аталмыш іс-шара концертмейстерлердің кәсіби дағдыларын дамыту үшін ғана емес, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстарды нығайту үшін, сондай-ақ хореографиялық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін септігін тигізеді.

Марина Буланкина – академиялық ынтымақтастыққа белсенді түрде үлес қосып жүрген маман.  Ол түрлі елдегі әріптестерімен бірнеше рет шеберлік сабақтарын өткізіп, хореографиялық өнер саласындағы концертмейстерлерді кәсіби даярлау жүйесін дамытуда жемісті еңбек етіп келеді. Концертмейстер шәкірттері арасында түрлі конкурстардың лауреаттары, соның ішінде халықаралық, жетекші балет труппаларының, театр-концерт және оқу ұйымдарының мамандары бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив