Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

ҚР Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын өзектендіру бойынша жұмыстар жалғасуда

26-09-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асырудың екінші кезеңі бойынша іс-қимыл жоспарына ұсыныстар мен ұсынымдар жинауды жалғастырып жатыр. Кезекті диалог алаңы Өскеменде өтті. Іс-шараға өңірдің үкіметтік емес секторының өкілдері, сарапшылар мен волонтерлер қатысты.

Кездесуде елдегі азаматтық қоғамды дамытудың бағыттары, сондай-ақ қоғамдық шарттың жаңа форматы талқыланды.

Сонымен қатар, іс-шарада азаматтық қоғамның тетіктерін күшейту және қоғамдық кеңестер мен волонтерлердің рөлін арттыру арқылы тұрақты және тиімді жүйені қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Тұжырымдама 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған болатын. 2025 жылы аталмыш тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады.  Екіншісі 2026 жылдан 2030 жылға дейін жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив