Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Республикалық «Таза энергетика» сурет байқауы басталды

26-09-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» тақырыбына арналған сурет байқауы басталды.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа баламалы энергия көздері мен таза энергетиканың болашақтағы маңызын түсіндіру, экологиялық сананы қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылар өз жұмыстарын кез келген техниканы (гуашь, акварель, түрлі-түсті қарындаш, компьютерлік графика және т.б.) қолдана отырып орындай алады.

Жұмыстар 2024 жылдың 23 қыркүйегінен 6 қазанына дейін қабылданады.

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Қорытынды 2024 жылдың 10 қазанында жарияланады.

Қосымша ақпарат және байқау Ережесімен @jasulan_qz инстаграм парақшасында таныса алады.

Байланыс ақпараты: Тел: +7 775 764 8747

e-mail: zhasulann2020@gmail.com

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив