Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
478.54 533.76 5.17

Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат - кітапханалық-ақпараттық қызметті одан әрі дамыту, халықаралық жазба әдебиеттерді алмасу және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға негіз болады.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – Әзербайжан әдебиеті бұрышының ашылуы. Әдеби бұрышта классикалық және заманауи әдебиеттің 250-ден астам басылымы, ел мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, әзербайжан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы шығармалар ұсынылған. Соның ішінде ақын және ойшыл Мұхаммед Физули, Мырза Фатали Ахундов, Гусейн Джавиди, жазушы Анар кітаптары және тағы да басқа танымал тұлғалардың туындылары бар.

Сондай-ақ Әзербайжанның халық жазушысы Эльмира Ахундованың Гейдар Әлиев пен академик Зарифа Әлиеваның 100 жылдығына арналған «Зарифа және Гейдар Алиевтер. Мәңгілік махаббат» кітабының таныстырылымы өтті.

Кітапта автор өз кейіпкерлерінің балалық шақтан ересек жасқа дейінгі бүкіл өмір жолын баяндап, олардың жеке өмірі, бала тәрбиесі және аталған көрнекті жұптың басына түскен сынақтары туралы әңгімелейді.

Салтанатты шараға Әзербайжан Мәдениет министрі Адиль Керимли, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Ұлттық кітапханасының бас директоры Керим Тахиров, шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Қазақстанның ғылыми және шығармашылық зиялылары, ЖОО студенттері мен магистранттары қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив