Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Түрікменстан Республикасымен әуе қатынасы қайта ашылады

10-03-2023, 12:19 Думан Кенжеғазыұлы

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады.

Осылайша, "Түрікменстан" әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері "Боинг-737" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.

Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив