Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қанат Шарлапаев «Mineral Security Partnership» халықаралық форумына қатысты

27-09-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Нью-Йоркке сапары барысында Министр «Mineral Security Partnership» форумына қатысты.

Іс-шара аса маңызды минералдарды сенімді және тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін жобаларды талқылау және ілгерілету үшін платформаны ұсынады.

Форумда Қанат Шарлапаев Қазақстанның жақында ғана MSP толыққанды мүшесі болғанын және маңызды минералдар мен металдарды жеткізудің жаһандық тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға дайын екенін атап өтті. Өйткені Қазақстан АҚШ-тың 50 маңызды шикізат тізімінен 21 элементті және Еуропалық Одақтың 34 маңызды шикізат тізімінен 19 минералды жеткізе алады.

«Қазақстанның мүмкіндіктері жоғарыда аталған элементтермен шектелмейді.  Басқа пайдалы қазбалар кен орындарының болуын ескере отырып, біздің еліміз АҚШ пен ЕО маңызды шикізаттардың біріктірілген тізімінің барлық дерлік элементтерін жеткізуді ұйымдастыруға қабілетті», – деді Министр.

Форумның жобалық құрамдас бөлігі жобалық ақпарат алмасуды, маңызды пайдалы қазбалар мүмкіндіктері туралы презентацияларды немесе геологиялық барлау мен картаны түсіруге сұраныстарды қамтуы мүмкін екеңн айта кетейік. 

Қатысушылар тұрақты өндіріс пен жергілікті әлеуетті ілгерілету саясаты, әділ бәсекелестікке, ашықтық пен жергілікті құнды құруға жәрдемдесу үшін реттеуші ынтымақтастықты талқылау сияқты т.б. тақырыптарды талқылайды. 

Іс-шараға Австралия, Аргентина, Канада, Эквадор, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Гренландия, Үндістан, Италия, Жапония, Қазақстан, Мексика, Намибия, Норвегия, Перу, Филиппин, Корея Республикасы, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Өзбекстан, Замбия және Еуропалық Одақ елдердің өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив